Марқакөл қорығы.
Марқакөл ұлттық қорығы Шығыс Қазақстанда, Оңтүстік Алтайдың оңтүстік-шығысында, Марқакөл көлінің қазаншұңқырында орналасқан, қорықтың жалпы ауданы 102917 га, оның ішінде құрлыққа 26 917 га, көл акваториясына — 44 450 га тиесілі. Қорық
1976 жылы бірегей Марқакөл көлі мен оны қоршаған ландшафттарды сақтау мақсатында ұйымдастырылған. Көлдің өзі сопақша-созыңқы пішінді, ұзындығы 38 шақырым, ең үлкен ені 19 шақырым, жағалау сызығының ұзындығы 106 шақырым, тереңдігі 24-27 м-ге дейін. Көлдің шығу тегі мұздық кезеңінде болған заманауи жоталар мен таулар арасындағы ойпаттардың қалыптасуымен байланыстырылады. Көл жағалаулары негізінен батпақты, балшықты, малта тасты, тасты-жұмыртасты және құмды учаскелермен алмасып отырады. Марқакөл көліндегі су таза әрі өте жұмсақ, көлде сирек балық — албырт тұқымдас балық ускуч мекендейді. Көлге Топольевка, Төменгі Еловка, Матабай, Жиренька, Глуховая және Жоғарғы Еловка, Тихушка, Матабайка және Тесной бұлақ сияқты тау өзендері құяды, ал жалғыз ғана өзен — Қара Ертістің саласы болып табылатын Кәлжір өзені ағып шығады. Марқакөл көлі қыста қатады. Қорық аумағында 5 биіктік өсімдік белдеуі ажыратылады: шалғынды-далалық, тау-тайгалық, субальпілік, биік таулы, нивальдық. Бұл өңірдің өсімдік және жануарлар дүниесі бай әрі алуан түрлі. Қорықта құнды дәрілік өсімдік түрлері өте көп, мысалы: марал тамыр мен алтын тамыр, сондай-ақ тұйежоңышқа, шегіргүл марьин тамыр және дала шегіргүлі және басқа да көптеген түрлер. Жергілікті ормандарда түлкілер, аюлар, қасқырлар, маралдар, сілеусіндер мекендейді. Омыртқасыздар дүниесі де алуан түрлі, әсіресе көбелектердің сирек түрлерін атап өткім келеді: аполлон, махаон. Қазақстан өзендері
Туризм
Марқакөл мемлекеттік қорығы
Марқакөл қорығы. Марқакөл мемлекеттік қорығы Шығыс Қазақстанда, Оңтүстік Алтайдың оңтүстік-шығысында, Марқакөл көлінің қазаншұңқырында орналасқан…
5 қараша 2014 · 19:54·Оқу: 3 мин
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 қараша 2014