Астана халықаралық әуежайы жаңа бағыт қосады. Ұшуларды қазақстандық лоукостер FlyArystan орындайды.
Рейстер 2026 жылдың 3 шілдесінен 31 тамызына дейін аптасына екі рет — дүйсенбі және жұма күндері жоспарланған. Астанадан ұшу 07:30-да, Тамшыға жету жергілікті уақыт бойынша 10:45-те. Кері рейс 12:00-де жөнеледі және Астанаға 13:20-да келеді.
Билеттерді қазірдің өзінде FlyArystan сайтынан, мобильді қосымшасынан және басқа ресми сату арналары арқылы сатып алуға болады.
Өткен жылы дәл осындай кесте бойынша Алматы мен Ыстық-Көл арасында тікелей рейстер ашылды.