Спорт

Жибек Құламбаева Болгарияда жұптық разрядтың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жибек Құламбаева украиналық Валерия Страхова екеуі Болгариядағы турнирдің жартылай финалына жетті.

18 маусым 2026 · 17:28·Оқу: 1 мин

Жибек Құламбаева Болгарияда жұптық разрядтың жартылай финалына шықты
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·18 маусым 2026

Ширек финалда Құламбаева мен Страхова болгарлық Росица Денчева және Йоана Константинова дуэтін 7:6, 4:6, 10:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық пен оның серіктесінің қарсыластары Болгариядан Ралица Александрова және Валерия Гарневска болады.

Наурыздың соңында Құламбаева Үндістандағы ITF турнирінде титулды жеңіп алған болатын.

Пікірлер