Спорт

Қазақстандық параатлет Айсұлу Сүлейменова Чехиядағы турнирде күміс алды

3-5 шілдеде Чехияның Оломоуц қаласында Olomouc World Para Athletics Women’s Grand Prix 2026 халықаралық турнирі өтті, онда Айсұлу Сүлейменова 100 метрге жүгіруде күміс алды.

5 шілде 2026 · 11:17·Оқу: 1 мин

Қазақстандық параатлет Айсұлу Сүлейменова Чехиядағы турнирде күміс алды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·5 шілде 2026

Турнирге 42 елден шамамен 190 параатлет қатысты. Сүлейменова 100 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынды иеленді.

— Мен Қазақстанның абыройын халықаралық аренада лайықты қорғап, күміс медаль жеңіп алғаныма қуаныштымын. Мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіремін, — деді Айсұлу Сүлейменова.

Сәуір айында қазақстандық паралимпиадалықтар жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында 11 медаль жеңіп алды.

Пікірлер