Осылайша ол мансабында алғаш рет планетаның ең мықты бес шахматшысының қатарына енді.
Рейтингте қытайлық Хоу Ифань көш бастап тұр. Топ-5-те оның отандастары Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және әлемнің қолданыстағы чемпионы Цзюй Вэньцзюнь де бар.
Асаубаева сәтті маусымды жалғастыруда. Маусым айында ол Norway Chess Women 2026 турнирін жеңіп, ФИДЕ-нің 2026–2027 жылдардағы әйелдер циклінің жалпы есебін бастап тұр.
Бұған дейін шахматшы «Барыс» II дәрежелі орденімен марапатталған.