Абылай Шакирбеков 93 кг-ға дейінгі категорияда өнер көрсетіп, жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл оның панкратионнан Азия чемпионаттарындағы үшінші жеңісі болды.
Жарыс аяқталған соң спортшы Қазақстанға оралды. Астана әуежайында оны Ұлттық гвардия Бас қолбасшылығының өкілдері, жаттықтырушылар, сондай-ақ туыстары мен жақындары қарсы алды.
Ұлттық гвардия баспасөз қызметінде гвардияшылардың халықаралық жарыстардағы табыстары елдің спорттық имиджін нығайтып, жастарға үлгі болатынын атап өтті.