«Қазақстан қоғамының әртүрлі салаларындағы гендерлік стереотиптер туралы кешенді баяндама» бойынша 2025 жылғы, әйелдердің 90%-дан астамы күн сайын үй шаруасына кемінде бір сағат жұмсайды.
Зерттеуді Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді. Оған 2400 респондент қатысты. Әйелдердің шамамен 80%-ы бұл ретте тұрмыстық міндеттерді негізгі жұмыспен қатар атқарады.
Ерлердің 23-39%-ы үй шаруасына мүлдем қатыспайды. Министрлікте үйдегі ақысыз жұмыстың үлкен көлемі әйелдердің еңбек нарығындағы мансаптық өсуін шектейтін негізгі факторлардың бірі болып қала беретінін атап өтті.