Қоғам

Конституциялық сот жаңа Конституцияның аудио және видео нұсқаларын шығарды

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты жаңа Конституцияның мәтінінің толық аудио нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде дайындады.

23 шілде 2026 · 12:26·Оқу: 1 мин

Конституциялық сот жаңа Конституцияның аудио және видео нұсқаларын шығарды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·23 шілде 2026

Қазақстан Республикасының Конституциялық соты жаңа Конституцияның мәтінінің толық аудио нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде дайындады. Видео нұсқасын соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына орналастырды.

Форматтар азаматтардың Негізгі заңға тең қол жеткізуі үшін жасалды. Аудио нұсқа көру қабілеті бұзылған адамдарға және мәтінді есту арқылы қабылдауды қалайтындарға өте ыңғайлы.

Сәуір айында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада жаңа Конституцияның презентациясы өтті. Басылым қазақ және орыс тілдерінде Брайль шрифтімен және аудио форматта шығарылды. Презентация Ұлттық кітап күніне орайластырылды.

Пікірлер