Құжат әйелдердің қақтығыстардың алдын алуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға тең құқықты қатысуына, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған. Жоспар сондай-ақ мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуін кеңейтуді көздейді.
Бірінші ұлттық жоспар бейбітшілік және қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатқа гендерлік өлшемді интеграциялау үшін негіз жасады. Жаңа құжат заманауи сын-қатерлерді ескере отырып толықтырылды: климаттық өзгерістер, цифрландыру, киберқауіптер, көші-қон және әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер.
Барлығы 2026–2028 жылдарға арналған жоспарда 40 іс-шара бар. Оларды іске асыруға мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық серіктестер тартылады.
Екінші жоспардың қабылдануы Қазақстанның «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» күн тәртібі бойынша халықаралық міндеттемелерге адалдығын растайды. 2004 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1325 қарарларын ұлттық деңгейде іске асыруға шақырды, ал ЕҚЫҰ 57 қатысушы мемлекет үшін тиісті іс-қимыл жоспарын ұсынды.