Бұл аймақ елдері арасындағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Әлем бойынша орташа есеппен артық ИМТ-мен ересектердің үлесі 45%-ды құрады.
Орталық Азия мемлекеттері арасында Қазақстан алда болды. Өзбекстанда көрсеткіш 64%-ға жетті, Түрікменстан мен Тәжікстанда — 58%-дан, Қырғызстанда — 56%.
Семіздіктің жаңа жағдайлары
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанында семіздікпен алғашқы аурушаңдық 100 мың адамға 32,6 жағдайды құрады. Бұл 2025 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 26,7%-ға аз.
Ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында тіркелді — 92,1 жағдай. Ең төмен мәндер Түркістан облысында (9,7), Ақмола (12,7) және Абай облысында (17,5) байқалды.
Қант диабетімен аурушаңдық
2026 жылдың қаңтар–наурыз айларында қант диабетімен алғашқы аурушаңдық 1,5%-ға төмендеп, 100 мың адамға 308,7 жағдайды құрады.
Ең жоғары мәндер Шығыс Қазақстан облысында (545,6), Қостанай (502,7) және Солтүстік Қазақстан облысында (419,7) тіркелді. Ең төмен көрсеткіш — Атырау облысында (92,1).