Осы факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.
Қазір әрекеттерді қылмыстардың жиынтығы бойынша – есірткі контрабандасы және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу бойынша қосымша саралау мәселесі қарастырылуда. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов хабарлады.
Қазақстан ІІМ есірткіні ел аумағына сырттан жеткізу арналарын жою және олардың Қазақстан арқылы транзитін тоқтату бойынша мақсатты арнайы операцияларды халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында жалғастыруда.