Жаңалықтар

Қазақстанда 1500-ден астам күлкі газы баллондары тәркіленді

Жыл басынан бері республикада 1500-ден астам азот оксиді баллондары және екі автоцистерна тәркіленді, сондай-ақ заттың көрші елден жеткізу арнасы тоқтатылды.

10 маусым 2026 · 05:27·Оқу: 2 мин

Қазақстанда 1500-ден астам күлкі газы баллондары тәркіленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 маусым 2026

1 қаңтардан бастап Қазақстанда ҚР ҚК 301-бабы бойынша күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мұндай заттар тізіміне «күлкі газы» деп аталатын азот оксиді де енгізілді.

Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарында үнемі рейдтер өткізеді. Жыл басынан бері ел бойынша 49 тәркілеу жағдайы тіркелген. Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Сот үкімдерінің бірі күшіне енді: кінәлі адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Комитет басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов түнгі орындардың иелері мен әкімшілерін азот оксидін сату және таратуға жол бермеу туралы ескертті. Затты тасымалдау, сақтау және сатуға қатысы бар барлық адамдар жауапқа тартылады.

Пікірлер