Шектеулер ресми түрде алып тасталғанға дейін қолданылады. Өңір тұрғындары мен қонақтарына ормандарда болуға, от жағуға, темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастауға, сондай-ақ құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге тыйым салынады.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Тыйым салу кезінде ұлттық парктер мен қорықтар аумағында болу 100 АЕК айыппұлмен жазаланады.
Өрт туралы қалай хабарлауға болады
Өрт немесе қауіпті жағдай анықталған жағдайда 8-747-029-70-28 телефоны бойынша WhatsApp-қа хабарласу ұсынылады.
Басқармада шектеулерді сақтауға және тыйым алып тасталғанға дейін ормандарға бармауға шақырды.
Бұған дейін «Ертіс орманы»-нда аномалды ыстыққа байланысты осындай тыйым енгізілген. Шығыс Қазақстан облысының ормандарында да өрт қаупінің жоғары класы жарияланды.