Жоба қосатын және шығаратын коллекторларды тарту жұмыстарын қамтиды. Көктал тұрғын массиві, Ондіріс ауданы және Индустриялық паркте локалды тазарту құрылыстары жобалануда. Олардың жалпы өнімділігі тәулігіне 85 мың текше метрді құрайды.
Сонымен қатар, қолданыстағы КОС-1 тазарту құрылыстары жаңғыртылады. Қуаты тәулігіне 25 мың текше метрге артады.
Бүгінгі таңда елордадағы орташа тәуліктік су бұру көлемі 350–360 мың текше метрге жетеді. Жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 10 мың текше метрге өседі.
Қатар нөсер кәріздері де дамытылуда. Соңғы жылдары 22 километрден астам магистралдық коллектор, тоғыз насос станциясы және алты тазарту құрылысы салынып, реконструкцияланды.
Биыл Триатлон-парк пен Ақжол көшесіндегі екі нөсер тазарту құрылысының құрылысы мен кеңейтілуі жалғасуда. Жұмыстар аяқталған соң Алматы және Байқоңыр аудандарындағы көшелер мен жолдардың су басу қаупі төмендейді.