Жаңалықтар

Алматы әуежайында шетелдік әйелден 21 килограмм марихуана тәркіленді

30 мамырда Алматы әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері полициямен, кеденмен және Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп есірткі тасымалдау әрекетін тоқтатты.

10 маусым 2026 · 06:37·Оқу: 1 мин

Алматы әуежайында шетелдік әйелден 21 килограмм марихуана тәркіленді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·10 маусым 2026

Оңтүстік-Шығыс Азия елінен келген шетелдік мемлекет азаматшасының багажын тексеру кезінде шамамен 21 килограмм «марихуана» өсімдік заты табылды.

Есірткі тәркіленді, ал күдікті ұсталды.

Оқиға фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қосымша мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Пікірлер