Мемлекет басшылары Владимир Путиннің мамыр айында Қазақстанға мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін бергенін атап өтті. Екі елдің үкіметтері осы келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Форум шілде айының соңында Омбыда өтеді. Тараптар сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.
Сөйлесу қорытындысы бойынша Тоқаев пен Путин тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.