Сотталушы адамдарды схемеге тартып, WornerBros платформасында қысқа бейнелер мен фильмдерді қараудан табыс алуға уәде берген. Қатысушыларға реферальдық сілтеме арқылы тіркелу және 10 мыңнан 11 миллион теңгеге дейінгі VIP-пакет сатып алу ұсынылған, күн сайынғы пайда 735 мың теңгеге дейін деп уәде етілген.
Әрбір жаңа қатысушы үшін бонустар есептелген. Ілгерілету WhatsApp-тағы топтар, әлеуметтік желілердегі жарнама және тікелей кездесулер арқылы жүргізілген.
Тергеу барысында салымшылардың ақшасы өтетін криптоәмияндар анықталған. Сот шешімімен 3 млн USDT сомасындағы криптоактивтер тәркіленген. Сондай-ақ сот 24 зардап шеккендердің азаматтық талаптарын қанағаттандырған. Үкім заңды күшіне енген.