Ағымдағы жылы Атырау облысы экология департаментінің мамандары «Светланд-Ойл» ЖШС-іне тексеру жүргізді. Инспекторлар компанияның экологиялық рұқсаттың шарттарын толық сақтамай жұмыс істегенін анықтады.
Кәсіпорын ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған. Сонымен қатар, шығарындылар нормативтері жобасында көрсетілмеген қосымша объектілер пайдаланылған. Бұл объектілер бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізілмеген және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынбаған.
Сондай-ақ, компания қалдықтарды түгендеу бойынша толық есеп бермеген, жерді мұнай өнімдерімен ластаған және қалдықтардың хронологиялық есебін жүргізбеген. Өндірістік қалдықтар жер бетіне тікелей орналастырылған.
Тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік істер қозғалған. Сот «Светланд-Ойл» ЖШС-іне 27,5 млн теңгеден астам айыппұл салған. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына экологиялық рұқсатсыз шығарындыларды тыйым салу талабымен талап-арыз жіберілген.