Қазақстан — экономикасы дамып келе жатқан, өсу мүмкіндіктері мол ел. Жерлері құнарлы, бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Осының негізінде Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі өсіп келеді.
Қазақстанның оңтүстігі ұшы-қиыры жоқ мақта алқаптарымен әйгілі. Бүгінгі таңда Шымкентте тоқыма өнеркәсібін қалпына келтіру жөнінде шаралар жүргізілуде. «Ютекс» АҚ және «Меланж» АҚ фабрикалары іске қосылды. «Меланж» АҚ иіру өндірісімен, ширату-орау өндірісімен айналысады. «Ютекс» АҚ төсек жабдықтарын, бұдырмақ сүлгілер мен олардан жасалған бұйымдарды шығарумен айналысады. Сондай-ақ Шымкентте «Томирис тігін фабрикасы» ЖШС орналасқан. Ол арнайы, форма, медициналық киім өндірісімен, сондай-ақ үй тоқымасын тігумен айналысады.
«Гаухар» тігін фабрикасы форма киімін шығарумен, түйе жүнінен көрпе, төсек жабдықтары мен басқа да үй тоқымасын өндірумен айналысады.
Алматыда белгілі «Рахат» кондитерлік фабрикасы АҚ орналасқан. Фабрика Қазақстандағы кондитерлік өнімдердің ең ірі өндірушісі болып табылады. «Рахат» АҚ өз ассортиментінде: кәмпиттер, шоколад, мармелад, ирис, печенье мен вафли, сондай-ақ жартылай фабрикаттар ұсынады.
ОҚО-да, Сайрам ауданында, Тассай ауылында ең ірі «Барыс 2007» ЖШС фабрикасы орналасқан. Ол 25 атаудағы макарон өнімдерін шығарады. Өнімге Түрікменстанда, Ресейде, Ауғанстанда және Грузияда сұраныс бар.
Ақтау қаласында «Волна» кондитерлік фабрикасы орналасқан. Өнім жаңа технологияларды пайдалана отырып, экологиялық таза шикізаттан жасалады. Фабрика сатуға: кәмпиттер, торттар мен түрлі печеньелер ұсынады.
Қазақстанның солтүстігінде ірі «Қазақстан» жиһаз фабрикасы ЖШС орналасқан. Ол кеңсе, ас үй жиһазын, сондай-ақ оқу орындарына арналған жиһаз өндірісімен айналысады. Фабрика бұйымдардың жоғары сапасын қамтамасыз ететін заманауи жабдықпен жарақталған.
Көкшетауда Көкшетау орам фабрикасы орналасқан. Фабрикада пакет жасайтын машиналардың көптеген түрлері орналасқан. Орнықты түбі бар орамдар, үш жіктемелі пакеттер мен еуро жіктемелі пакеттер шығарылады.
Қазақстанның ең ірі кәсіпорындарының бірі — «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы АҚ. Кәсіпорында 200-ден астам атаудағы кондитерлік өнім шығарылады, оған зор сұраныс бар.
Қазақстанның көптеген фабрикалары бүгінде республиканың экономикалық дамуына байланысты гүлдену кезеңін бастан кешіруде. Қазақстан қалалары А-дан Я-ға дейін....