Ұлттық банктің 10 маусымға ресми бағамы 490,21 теңге деңгейінде белгіленді.
Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды 485,02 теңгеден сатып алады, 492,02 теңгеден сатады. Еуроны 562,00—573,52 теңгеден сатады, рубль — 6,50—6,80 теңгеден.
Алматыда америка валютасын орташа есеппен 488,28 теңгеден сатып алады, 490,23 теңгеден сатады. Еуро 562,49—569,64 теңге аралығында сатылады, рубль — 6,56—6,71 теңгеден.
Шымкентте долларды 488,31 теңгеден сатып алады, 490,35 теңгеден сатады. Еуроны 563,00—568,48 теңге шегінде сатып алуға және сатуға болады, рубль — 6,60—6,67 теңгеден.
Бір күн бұрын, 9 маусымда, доллардың орташа өлшенген бағамы 490,21 теңге болып, 5,12 теңгеге өскен.