Құжат 25,7 млн тонна шөп, 2,3 млн тонна сенаж, 2,8 млн тонна силос, 4,8 млн тонна сабан және 5,7 млн тонна құнарлы жем дайындауды қарастырады.
Биыл жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,32 млн га-ға дейін өсті — 2025 жылмен салыстырғанда 243 мың га-ға артық. Мұндай дақылдардың егістік жердегі үлесі 14%-ға жетті.
Жедел бақылау
Министрлік жедел штабтың отырыстарын үнемі өткізеді. Оларда жем-шөп дайындау барысы, өңірлерді үйлестіру және мал шаруашылығын толық көлемде жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері талқыланады.
«Продкорпорация» қолдауы
«ҰК «Продкорпорация» АҚ 1 қыркүйекке дейін құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарына тұрақты бағамен жемдік астық сатады. Жемдік қор 201,3 мың тоннаны құрайды, оның 21,7 мың тоннасы сатылған.
Комбикорм өндірісі
Елде 76 комбикорм зауыты мен цехы жұмыс істейді. Олардың жалпы қуаты жылына шамамен 4 млн тонна комбикормды құрайды.