Экономика

Қазақстан және Британия рений бойынша 107 млн долларлық келісімшарт жасады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың қатысуымен «Жезқазғанредмет» пен Maritime House Ltd арасында 107 млн доллар сомасындағы бес жылдық оффтейк-келісімшартқа қол қойылды.

9 шілде 2026 · 07:55·Оқу: 1 мин

Қазақстан және Британия рений бойынша 107 млн долларлық келісімшарт жасады
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·9 шілде 2026

Келісім Қарағанды облысының Сарань қаласында қайталама шикізаттан металл рений шығару бойынша инвестициялық жобаның негізін қалайды. Қаржы салымының көлемі 30 млн долларды құрайды.

Құжат тараптардың ұзақ мерзімді әріптестігін, соның ішінде болашақ өндірістің тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуді көздейді. Қол қою рәсімі Ерсайын Нағаспаев министрінің қатысуымен өтті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шикізатты терең өңдеу және заманауи технологияларды енгізу жобаларын қолдайды. Жаңа келісім экспорттық әлеуетті арттыруға және Қазақстанның әлемдік маңызы бар минералдар нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған.

Пікірлер